Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыда бір бағытты жаңа көше пайда болады

Алматыда бір бағытты жаңа көше пайда болады

Алматыда қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері Есқараев көшесінде үйлердің тығыздығы мен көліктердің жүру қиындығына шағымданған. Түскен шағымдардың негізінде Есқараев көшесі бойында көліктер батыс бағытта жүретін болды.


Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, Есқараев көшесінің Гагарин даңғылы мен Розыбакиев көшесі арасындағы учаскеде ғимараттардың тығыздығына байланысты тұрғын үй кешендерінің тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің өтініштері негізінде Есқараев көшесінің Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейінгі учаскеде тәжірибелік мақсатта батыс бағытта біржақты қозғалысты ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.


«Қазіргі уақытта жол қозғалысын ұйымдастыру схемасы Алматы қалалық мобильділік басқармасы және Әкімшілік полиция басқармасымен келісілді. Биылғы жылдың 10 сәуірінен бастап біржақты қозғалысты енгізу жоспарлануда. Жол белгілері жоғарыда аталған тұрғын үй кешендерін салушының жеке қаражаты есебінен орнатылады», -
деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Дереккөз: inform.kz