Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

СҚО-да балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі

СҚО-да балалар арасында көкжөтел ауруы жиіледі

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтел жұқтырудың 15 жағдайы тіркелді.


СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр бір жылдың ішінде көкжөтелмен 20 адам ауырған.


Биыл үш айдың ішінде дертті жұқтырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың басым бөлігі – Петропавл тұрғындары. Қызылжар ауданынан екі бала сырқаттанған.


Көкжөтел ауруының жиілеуі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты болып отыр. Яғни, дертке қарсы екпе алудан бас тартатындар көбейген.


«Көкжөтел – жедел таралатын, көбіне балалар ауыратын дерт. Десек те, ауруға қарсы өмірлік иммунитет қалыптаспаған жағдайда оны ересектер де жұқтырады. Бактерия науқас жөтелгенде сілекей, қақырық арқылы тарап, кейін тыныс алу органдарында дамиды. Жөтел қысып, ұстама кезінде бала қызарып, одан кейін көгеріп, мойнындағы тамырлары шодырайып, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс, не несеп бөлінуі мүмкін. Тілі сыртқа шығып, көзінен жас ағады. Ауру бір айдан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Асқынған жағдайда өкпенің қабынуына ұласады, мидың зақымдануы сияқты асқынуларымен де қауіпті», - дейді инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Салтанат Бекқожина.


Маманның айтуынша, көкжөтелден қорғанудың сенімді әдісі – вакцинациялау. Көкжөтелге қарсы екпенің алғашқы дозасы 2 айлық балаға салынып, сосын 3 және 4 айында қайталанады. Сондай-ақ 1, 5 және 6 жаста көкжөтелге қарсы ревакцинациялау жүргізіледі.




Фото: stan.kz