Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елде картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады – АШМ

Елде картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады – АШМ

Қазақстанда майлы және жемшөп дақылдары, картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. 

АШМ мәліметі бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарлануда.


«Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтілуде»,
— деді министр.


Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 6,4 мың гектарға қысқаруы болжануда.


«Жалпы, астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»
, — деп атап өтті А. Сапаров.


Бұдан бөлек азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн га дейін жеткізу жоспарлануда.


Фото: caspianlife.kz



📌Жаппай егіс науқаны биыл мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.