Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Жұлдызды гид» ҚР Ұлттық музейінде экскурсия өткізді

«Жұлдызды гид» ҚР Ұлттық музейінде экскурсия өткізді

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева экскурсия жүргізді.

«Астана» залында «Жұлдызды гидтер» тәуелсіз Қазақстан астанасының пайда болуы, қалыптасуы мен даму тарихын бейнелейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілер, экспонаттар, фотоқұжат материалдарының жинағы туралы айтып берді.

Нұржамал Үсенбаеваның айтуынша, музейдегі гид рөлі ол үшін ерекше тәжірибе болған.

Айта кетейік, «Жұлдызды гид» жобасы аясында өнер иелерінің марапаттары, ордендері мен шығармашылық костюмдері және әндер жинағы сияқты жеке заттары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Экспозициялар мұражай қорына берілді.

Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» жобасы 2015 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.